Есту, көру нашарлайды, депрессия. Ковидтен кейінгі синдром белгілері айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Есту, көру нашарлайды, депрессия. Ковидтен кейінгі синдром белгілері айтылды Фото: elements.envato.com

Коронавирус жұқтырып, ауруды жеңіл өткерген кейбір қазақстандықтан біраз уақыттан кейін ковидтен кейінгі синдром байқалған. COVID-19 салдары мен синдром симптомдары туралы кардиолог Махаббат Бекбосынова айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус жұқтырып, ауруды жеңіл өткерген кейбір қазақстандықтан біраз уақыттан кейін ковидтен кейінгі синдром байқалған. COVID-19 салдары мен синдром симптомдары туралы кардиолог Махаббат Бекбосынова айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде коронавирус инфекциясы қан тамырларының жүйелі қабынуы екені анық. Себебі ең алдымен тамырлардың жасушалары зақымданады. Бұл біз үйреніп қалған бактериялық пневмония немесе тұмаудың салдары емес. Бұл - барлық орган мен жүйеге зақым келтіретін қан тамырларының жүйелі ауруы", - деді Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы төрағасының міндетін атқарушы Махаббат Бекбосынова.

Оның айтуынша, COVID-19 жұқтырған адамның "ковидтен кейінгі" синдромы аурудан жазылған соң 2-3 айдан кейін шығады.

"Инфекция ауруды жеңіл өткерсе де органдарды зақымдайды. "Ковидтен кейінгі" синдром адам жазылып шыққан, дені сау деп есептелгеннен кейін екі-үш ай өткен соң да шығады", - деді ол.

Сондай-ақ маман мұндай белгілер әркімде әртүрлі болатынын атап өтті.

"Неврологиялық ауытқулар бар. Мен COVID-19-дың ауыр формасын емес, ауруды жеңіл өткергендер туралы айтып тұрмын. Есте сақтау, көру, есту қабілетіне кесірін тигізеді. Ұйықтай алмай, ашулану, депрессия пайда болады. Қант диабеті болмаған науқастар болған. Бірақ коронавирустан кейін COVID-индукцияланған қант диабеті пайда болды", - деді кардиолог.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети