Ұйықтар алдында смартфон мен планшеттер пайдаланатын балалар жатар алдында гаджеттерді қолданбайтындарға қарағанда ұйықының бұзылуынан екі есе артық зиян көреді екен. Бұл жайтты Лондонның Королдік колледжіндегі зерттеушілер анықтады, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Ғалымдар 6-19 жас аралығығындағы 125 мың бала қатысқан 20 зерттеудің қоырытындысына сараптама жүргізген. Сараптама қорытындысы смартфондар мен өзге де құрылғыларды жатар алдында қолдану ұйқының қанбауы мен күндізгі уақытта маужырап отыруға тікелей қатысты екенін көрсеткен. Тіпті гаджеттердің бөлмеде болуы жақсы ұйқыға бөгет болады екен. Бұл балалардың үнемі жауап беруге дайын отырып, хабарлама келуін күтуіне байланысты.
Ұйқының қанбауы балардың денсаулығына кері әсер етеді, тәбетті жойып, артық салмақ жинауға әкеледі. Тіптен иммун жүйесінің әлсіреп, бойдың өсуін тежейді, сонымен бірге психологиялық ауыртпалықтарға әкеледі.
Зерттеушілердің айтуынша, гаджеттердің күн өткен сайын көптеп таралуы балалар ұйқысының мүлде бұзылуына жеткізеді. Бұл мәселені балалардың смартфонға қолжетімділігін шектеп, ұйқыға дұрыс жату тәртібін сақтау арқылы шешуге болады екен.