Ғалымдар сүт өнімдерінің құрамындағы лактобактериялардың ішек микрофлорасының жұмысына жақсы әсер ете отырып, бауыр қызметін дұрыстайтынын анықтады. Зерттеу қорытындысы Journal of Medicinal Food журналында жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Лактобактериялар көбіне йогурт, айран, майлы айран, ірімшік, қаймақ сияқты өнімдерде көп болады. Осы тағам өнімдерінің барлығы ішек жұмысын жақсартып, иммунитетті көтереді", - дейді ғалымдар.
Сондай-ақ, мамандар алкогольдің бауырдың созылмалы ауруларының пайда болуының бірден бір себебі екенін айтады. Олардың айтуынша, алкоголь ішкен адамның стеатоз, цирроз және бауырдың қатерлі ісігі дертіне шалдығу қаупі жоғары.