1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Денсаулық

Ғалымдар бауырды жақсартатын өнімдерді атады

© pixabay.com © pixabay.com

Ғалымдар сүт өнімдерінің құрамындағы лактобактериялардың ішек микрофлорасының жұмысына жақсы әсер ете отырып, бауыр қызметін дұрыстайтынын анықтады. Зерттеу қорытындысы Journal of Medicinal Food журналында жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Лактобактериялар көбіне йогурт, айран, майлы айран, ірімшік, қаймақ сияқты өнімдерде көп болады. Осы тағам өнімдерінің барлығы ішек жұмысын жақсартып, иммунитетті көтереді", - дейді ғалымдар.

Сондай-ақ, мамандар алкогольдің бауырдың созылмалы ауруларының пайда болуының бірден бір себебі екенін айтады. Олардың айтуынша, алкоголь ішкен адамның стеатоз, цирроз және бауырдың қатерлі ісігі дертіне шалдығу қаупі жоғары.