ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қазан 2020 | 16:39
Ғалымдар COVID-19-дың жаңа қаупі туралы айтты
Ғалымдар коронавирус мидың жұмысына кері әсерін тигізіп, шизофрения, Альцгеймер, Паркинсон сынды генетикалық ауруларды қоздыруы мүмкін екенін айтты. Зерттеу жұмысы medRxiv порталында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Бразилия ғалымдары SARS-CoV-2 астроциттерге - орталық жүйке жүйесінің жасушаларына шабуыл жасайтынын анықтаған. Бұл ми қыртысына айтарлықтай зақым келтіріп, салдарынан дене мүшесінің бір бөлігі жансызданып қалуы мүмкін екен.
Коронавирус жұқтырған адам өмірде ауырмаған дертке шалдығуы мүмкін
Мамандар мұндай өзгеріс коронавирустың ауыр түрімен ғана емес, жеңіл түрімен ауырған науқастарда байқалғанын анықтаған.
Ғалымдар алынған мәліметтер вирус жұқтырған науқастардың басы неге ауыратынын, денесі неге құрысатынын, иіс сезу қабілеті неге бірнеше айға жоғалатынын түсіндіруге мүмкіндік беретінін айтады.
Зерттеу жұмысының мәліметінше, SARS-CoV-2 шизофрения, паркинсон және Альцгеймер сынды генетикалық ауруларды қоздыруы ықтимал екенін көрсеткен.
Алдағы уақытта ғалымдар COVID-19 вирусының орталық жүйке жүйесіне қалай жететінін анықтауды көздеп отыр.
Адамның коронавирус жұқтырып, ауырып шыққанын білдіретін белгілер аталды
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также