15 қазан 2020 09:58

Адамның коронавирус жұқтырып, ауырып шыққанын білдіретін белгілер аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымдар адамның коронавирус жұқтырғанын білмей, ешқандай симптомсыз өткергенін білдіретін белгілер туралы айтты, - деп хабарлайды Gazeta.a42.ru.


Ғалымдар адамның коронавирус жұқтырғанын білмей, ешқандай симптомсыз өткергенін білдіретін белгілер туралы айтты, - деп хабарлайды Gazeta.a42.ru.

Дәрігерлердің сөзінше, ең алғашқы белгілердің бірі - иіс сезу қабілетінің өзгеруі. Қанында антидене анықталған кейбір науқас бір кездері иіс сезгенін, алайда ол "әдеттегіден басқаша сезілгенін" айтқан. Ал иіс сезу қабілетінің жоғалуы - коронавирус жұқтырғандағы негізгі белгілердің бірі. 

Коронавирус жұқтырып, ауыру ешқандай белгісіз өткенде ентігу болуы мүмкін. Олар бір кездері "ауа жетпегенін" және "жөндеп дем алу мүмкін болмағанын" айтады.  

Тағы бір белгінің бірі - іштің ауырсынуы, себебі ол өкпенің төменгі жақтарында проблема барын білдіруі мүмкін. Коронавирус жұқтырғанын білмейтін науқастарда диарея мен асқазан ауырсынуы секілді симптомдар болған.  

COVID-19 жұқтырған кейбір науқас бір не екі аптадай шаршау сезімі болғанын айтады, алайда ол тек стрестің белгісі екен деп ойлаған. 

Дәрігерлер ауруды симптомсыз өткізетіндер өзін жақсы сезінгеніне қарамастан айналасындағы адамдарға вирус жұқтыратынын айтады, сондықтан бұл жағдайда маска тағудың маңызы зор.   

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети