Ғалымдар COVID-19 қауіпті адамдар тобын анықтады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымдар COVID-19 қауіпті адамдар тобын анықтады © Reuters

Аустралияның Квинсленд штатындағы Бергхофер ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары ас қорыту жүйесінің аурулары мен коронавирус арасындағы байланысты анықтады. Зерттеу нәтижелері Human Molecular Genetics журналында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі RT сайтына сілтеме жасап.

Зерттеу авторларының айтуынша, қышқыл рефлюксінің дамуына генетикалық бейімділік (күйдіретін өңеш қышқыл-өт рефлюксі) коронавирустың ауыр өтуіне ықпал етеді.

"Гастроэзофагеальды рефлюкс ауруын қоздыратын гендер COVID-19-дың ауыр өтуі мен ауруханаға жатқызу қаупін 19 пайызға арттырумен байланысты", - делінген ғылыми жұмыста.

Сондай-ақ, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруында коронавируспен ортақ қауіп факторлары бар екені белгілі болды, олардың арасында семіздік, гипертония, жүрек-тамыр аурулары және қант диабеті бар.

"Біздің нәтижелеріміз гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы коронавируспен ауруханаға жатқызу қаупін арттыруда рөл атқарады деп болжайды", - дейді ғалымдар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети