Коронавирус иіс сезу қабілетінің жоғалуын ғана емес, әрі ауыз қуысында сезімталдықтың өзгеруін тудырады, - деп хабарлайды РИА Новости medrxiv.org порталына сілтеме жасап.
Коронавирус иіс сезу қабілетінің жоғалуын ғана емес, әрі ауыз қуысында сезімталдықтың өзгеруін тудырады, - деп хабарлайды РИА Новости medrxiv.org порталына сілтеме жасап.
Бұл COVID-19 вирусын халықаралық зерттеу барысында белгілі болған.
50 елдің ғалымдары COVID-19 пандемиясымен күресу үшін химосенсорлық ғылымдар бойынша дүниежүзілік консорциум құрды. Олар жаңа коронавирус инфекцияcының барлық химосенсорлық жүйесінің жұмысына әсерін - иіс сезу, дәм сезу және ауыз қуысындағы тригеминальды сезімталдық зерттейтін болады. Бұл иісті және дәмді қабылдаумен байланысты емес дейді ғалымдар.
Коронавирус диагнозы расталған 30 мыңнан астам науқастарды зерттеу барысында олардан иіс сезу қабілетінің жоғалуын, дәмді сезудің күрт төмендеуін, сонымен қатар мұрын бітелмеген кезде ауыз қуысында сезімталдықтың өзгеруі анықталған.
Бұл COVID-19 мен SARS пен тұмаудың арасындағы айтарлықтай айырмашылық болып саналады. Адам мұндай ауруға шалдыққан кезде де иіс сезу қабілетінің ішінара жоғалуы байқалады.
Ғылыми зерттеу жұмысын жүргізген авторлардың айтуынша, COVID-19 жұқтарған науқастарда иіс сезу қабілеті орта есеппен 80 пайызға, дәм сезу - 70 пайызға, тригеминальді сезімталдық 40 пайызға төмендеген.
"Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, коронавирус жұқтырған науқастарда иіс пен дәм сезу қабілеті күрт төмендеуі ғана емес, әрі тригеминальды сезімталдықтың төмендеуі байқалады. Сондай-ақ, науқастар тұмаумен ауырмаған, мұрындары бітелмеген. Бұл, ең алдымен нейрондық субстраттың зақымдануын білдіреді. Біз зерттеу жұмысымызды жалғастырып жатырамыз. Иіс, дәм сезу қабілетінің және тригеминальды сезімталдықтың кенеттен жоғалуы жаңа коронавирус инфекциясының белгісі ретінде бағалануы мүмкін. Бұл SARS пен COVID-19 вирусын ажырату үшін қажет", - дейді зерттеуге қатысқан ғалым Вера Вознесенская.