Ағылшын ғалымдары қарапайым қан талдауын ұсынды, ол пневмония немесе өзге де жұқпалы аурулардан сау адамның 14 жылда қаза болатынын немесе болмайтынын анықтай алады, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Ағылшын ғалымдары қарапайым қан талдауын ұсынды, ол пневмония немесе өзге де жұқпалы аурулардан сау адамның 14 жылда қаза болатынын немесе болмайтынын анықтай алады, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Мұндай жаңа тәсіл туралы Cell Systems журналына жарияланды. Ғалымдар 10 мың адамды тексеріп, асқыну процесінің жанама өнімін тапты - биомаркер GlycA. Мамандардың айтуынша, қанның құрамында GlycA-ның көп мөлшерде болуы адам ағзасы үшін қауіпті, ол түрлі жұқпалы аурулардың асқынып, бейімділігінің артуына жол береді. Ғалымдар зерттеген науқастар туралы жазбалар мен өлім туралы куәліктердегі мәліметтер бойынша, GlycA жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупін жоғарылатады, әсіресе пневмония мен қанның бұзылуын.
Айта кетейік, ғалымдар әзірше асқынған микробты жұқпалы ауруларға байланысты GlycA-ның жоғары деңгейін адамның иммундық жүйесіндегі қате реакциядан ажырата алмай отыр.
"Қауіпті төмендету үшін бізге көп жұмыс істеу керек. Егер дәрігерлердің қолынан келмейтін болса, өз басым ауруға шалдығу қаупінің жоғары екенін немесе GlycA биомаркері үшін өлетінімді білгім келмейді", - деді мақала авторы Иоханнес Кеттунен (Johannes Kettunen).