11 наурыз 2018 | 10:27

Ғалымдар ерлерді белсіз етуі мүмкін дәрілерді атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Fotolia / viperfzk © Fotolia / viperfzk

Ғалымдар ерлерді белсіз етуі мүмкін дәрілерді атады, деп хабарлады РИА Новости агенттігі Reproduction журналына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ғалымдар ерлерді белсіз етуі мүмкін дәрілерді атады, деп хабарлады РИА Новости агенттігі Reproduction журналына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, аллергияның пайда болуымен күресетін гистаминге қарсы препараттар ерлердің жыныс мүшелерінің ұрықтану қабілетін төмендетуі мүмкін.

"Бұл тұжырымды Буэнос-Айрестегі Биология және эксперименттік медицина институтының ғалымдары жасап отыр. Биологтар зерттеу кезінде соңғы 40 жылда жасалған ғылыми жұмыстарды сараптады, бұл жұмыстар аталған препараттардың түрлі жануарлардың денсаулығына әсерін зерттеумен байланысты", - делінген жарияланымда.

Ғалымдардың айтуына қарағанда, ұзақ уақыт бойы гистаминнің белсендігін шектеу тестостеронның бөлінуіне кері әсер етеді. Бұл жағдай сперматозоидтар формасының өзгерісіне ұшыратады, яғни, олардың белсендігі төмендеп, мөлшері азаяды. Енді ғалымдар гистаминге қарсы дәрілер мен жыныс мүшелерінің ұрықтану қабілетінің байланысын адамдар арасында жаппай зерттеу керегін айтып отыр. Сонымен қатар, мамандар бұл дәрілерді шамадан тыс қабылдамауға кеңес береді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети