12 желтоқсан 2017 10:12

Ғалымдар еттің көңіл-күйге қалай әсер ететінін айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Fotolia / StockPhotoPro © Fotolia / StockPhotoPro

Әр жастағы адамдардың көңіл-күйіне тамақтану әртүрлі әсер етеді екен. АҚШ-тың Бирменгем университетінің ғалымдары осындай қорытынды жасады. Зерттеу MedicalXpress басылымында жарияланды. Зерттеу барысында түрлі мемлекеттердің азаматтары онлайн-сауалнамаға жауап беріп, осы арқылы тамақтану әдеттері, пайдаланатын азық-түлік пен психологиялық жағдайы туралы бөлісіп отырған. 

Сауалнама қорытындыларын саралай келе, ғалымдар 18-29 жас аралығындағы адамдар етті пайдаланған сайын мида химиялық заттар (бірінші кезекте серотин мен дофамин) жиналып, осы арқылы қанағаттану сезімі пайда болады және көңіл-күй көтерілетінін анықтады. Ал етті аптасына үш реттен кем және спортпен шұғылданбаған адамдар психикалық жағдайының нашарлауын жиі сезетін болып шықты.  

30 жастан асқандар құрамында антиоксиданттар (қызыл шарап, көк шай, бадана, бөрікгүл) бар тамақ пен өнімдерді жиі пайдаланады екен. Мұндай тағамдар бір жағынан жас ұлғайған сайын көлемі артатын еркін радикалдарды (қышқылдатушы) жоюға әсер етсе, екінші жағынан мұндай тағам күйзелуді де тудыруы мүмкін. 

Мұның алдында ұлыбританиялық ғалымдар анар, жүзімнің қызыл түрлері, саңырауқұлақ пен жасымықтың жасушаның өзіндегі зиянды заттар мен зақымданған элементтерін өзіне сіңіруіне оң әсер ететінін анықтаған болатын. Бұл асқазан-ішек аурулары, сонымен қоса, қауіпті ісікті де емдеуге және алдын алуға көмектесуі мүмкін. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети