1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Денсаулық

Ғалымдар инсульт қатерінен қалай сақтану керек екенін айтты 13 сәуір 2017, 10:35

Йель университетінің ғалымдары құрамында транс-майы көп азық-түліктен бас тартудың инсульт пен ұстамалы жүрек ауруының қатерінен сақтайтынын
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

© stock.adobe.com © stock.adobe.com

Йель университетінің ғалымдары құрамында транс-майы көп азық-түліктен бас тартудың инсульт пен ұстамалы жүрек ауруының қатерінен сақтайтынын анықтады. Бұл туралы университеттің ресми сайтында жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ғалымдар Нью-Йоркте 2002-2013 жылдар арасында ауруханаға түскен адамдарға қатысты статистикалық мәліметтерді зерттеудің негізінде осындай шешімге келген. Сондай-ақ, майлы тағамдарды қысқартқан инсульт пен ұстамалы жүрек ауруымен ауырған науқастардың санының алты пайызға қысқарғаны айтылады.

"Рационнан транс-майларды алып тастау арқылы инсульт пен ұстамалы жүрек ауруының қатерлерінен айтарлықтай сақтануға болады. Транс-майларға мемлекеттік деңгейде тыйым салынса, бұл миллиондаған адам үшін нағыз жеңіс болар еді", - дейді зерттеу авторларының бірі.

Айта кетейік, қытырлақ картоптарда, крекерлерде, қуырылған тағамдарда және нан-бөлішке өнімдеріндегі транс-майлар аса қауіпті болып саналады екен. Сондықтан көптеген денсаулық сақтау ұйымдары құрамында транс-майы көп азық-түлік өнімдерінен бас тартуға кеңес береді.



Join Telegram