29 қыркүйек 2018 | 17:43

Ғалымдар қатерлі ісікке қарсы күресте аспириннің пайдасын дәлелдеді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аспиринді аз мөлшерде пайдалану қатерлі ісікті емдеуге көмектеседі, - деп хабарлайды MedicalXpress.


Иконка комментария блок соц сети

Аспиринді аз мөлшерде пайдалану қатерлі ісікті емдеуге көмектеседі, - деп хабарлайды MedicalXpress.

Кардифф университетінің ғалымдары түрлі онкологиялық ауруға шалдыққан 520 мың науқастың ауру тарихын зерттеген, олардың жартысы ішек, сүт немесе қуықалды безі қатерлі ісігіне шалдыққан екен. Олар аспирин қабылдау науқастардың өлім-жітім көрсеткішін 20-30 пайызға төмендетіп, сонымен қатар рак клеткаларының басқа мүшелерге тарау ықтималдығын айтарлықтай төмендеткенін анықтады.

Аспириннің оң әсері онкологияның жиі таралған түрлерімен қатар сирек түрлерінде де байқалған.

Зерттеулер тек бақылау негізінде жүргізілгендіктен ғалымдар шектеулі сипатты ғана көрсетеді. Сарапшылар онкологияға шалдыққан ағзаға препараттың әсер ету механизмін анықтау қажет екенін айтты. Сонымен қатар, мамандар кез келген дәрі-дәрмекті қоланбас бұрын дәрігермен кеңесу маңыздылығын еске салды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети