14 қазан 2021 09:23

Ғалымдар қауіпті аурудың екі жасырын белгісін анықтады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың Джонс Хопкинс университеті медициналық мектебінің зерттеушілері бауырдың алкогольсіз майлы ауруының пайда болуына әкелетін екі жасырын белгіні анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап. 


АҚШ-тың Джонс Хопкинс университеті медициналық мектебінің зерттеушілері бауырдың алкогольсіз майлы ауруының пайда болуына әкелетін екі жасырын белгіні анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап. 

Express басылымының ақпаратына сәйкес, қандағы билирубиннің жоғарылауынан терінің сарғаюы проблема туралы белгі бере алады. Өт пигментінің жоғары концентрациясы түтіктердің бітелуімен, жасушалардағы ауытқулармен және қабынумен байланысты болады.

"Майлы гепатозы бар адам көгеруді байқайды. Олар кішігірім жарақаттардан кейін пайда болуы мүмкін және бірнеше апта бойы емделеді. Симптомдар әсерінен дене сарғаюға немесе көгеруге бейім болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ғалымдар майлы гепатоз немесе алкогольсіз майлы бауыр ауруы бауырда артық май жиналғаннан пайда болатын ауру екенін айтты. Бұл салауатты өмір салтын ұстанбағаннан, дұрыс тамақтанбағаннан, тұқым қуалаушылық және дәрі-дәрмектердің кейбір түрлерін қабылдаудан пайда болады.

Сарапшылар егер емделмесе, кейбір жағдайларда ауру гепатоциллюлярлы карциноманың пайда болуына, яғни бауырдың қатерлі ісігіне әкелуі мүмкін екенін айтады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети