1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Денсаулық

Ғалымдар кейбір адамдардың неліктен "сүйегі ауыр" болатынын анықтады

© Pikabu © Pikabu

Канадалық ғалымдар кейбір адамдардың сүйегінің тығыздығы неліктен өзгелерге қарағанда жоғары екенін анықтады. Зерттеу Journal of Bone and Mineral Research басылымында жарияланды, - деп хабарлайды Lenta.ru

Мамандардың айтуынша, ағзасының жылдам өсіп жатқан кезінде физикалық дене қозғалыстарын бірқалыпты әрі қарқынды жасаған жасөспірімдердің ересек болғанда сүйек тығыздығы өзгелерге қарағанды жоғары болған. 

Ал аз қозғалыстағы өмір салтын ұстанған жасөспірімдердің сүйегі мұндай тығыз болмай шыққан. Ғалымдар 309 ұл мен қыздың физикалық белсенділігін бақылай келе осындай қорытынды жасаған. 

Мамандар енді жасөспірімдердің дене жаттығуларының қысымы мен сүйек жүйесінің даму қарқыны арасында тиімді аралықты анықтамақ. Зерттеу авторлары жасөспірімдерді "диваннан тұрып, қозғалуға" шақырды.