03 желтоқсан 2020 | 17:49

Ғалымдар кімдер коронавирусты жиі тарататынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Ғалымдар коронавирус жұқтырған отбасы мүшелері ауруды жиі тарататынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ғалымдар коронавирус жұқтырған отбасы мүшелері ауруды жиі тарататынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Зерттеу Science журналында жарияланды.

Қытай мамандары COVID-19 вирусының қандай жолмен жиі тарайтынын анықтамақ болған. Осы мақсатта ғалымдар Хунан провинциясындағы 1178 науқас пен олармен байланыста болған 15 648 адамның мәліметіне талдау жүргізген. Нәтижесінде мамандар коронавирус жұқтыру қаупі адамдар бір-бірімен байланыста болғанда артатынын анықтаған.

Сонымен қатар, адамдар инфекцияны медициналық мекемелерде, қоғамдық көліктер мен тамақтану орындарында жұқтырғаны белгілі болды.

Мамандар вирустың таралу қаупі туыстармен байланыста болғанда, отбасымен бірге тұрғанда едәуір өскенін байқаған.

Ғалымдар үйде COVID-19 вирусын жұқтырған науқас болғанда, инфекция жұқтыру қаупі күн сайын 10 пайызға артады деген қорытынды жасаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети