Ғалымдар қорылдаудың қатерлі ісікке қалай әсер ететінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымдар қорылдаудың қатерлі ісікке қалай әсер ететінін айтты Қатерлі ісік жасушасы. © lenta.ru

Ғалымдар қорылдаудың қатерлі ісікті асқындыратынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Lenta.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымдар қорылдаудың қатерлі ісікті асқындыратынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Порталдың мәліметінше, дұрыс ұйықтамау және қорылдау қатерлі ісіктің өршуін жылдамдатады. Мұндай мәлімдемені Испания мен АҚШ дәрігерлері жасап отыр, олар бұл жаңалықтарын Мюнхенде өткен урологияның еуропалық қауымдастығы конгресінде жария етті. Ал авторлардың зерттеуі жөнінде EurekAlert! хабарлады.

Ғалымдар ұйықтау кезінде өкпедегі ауа алмасудың қысқа мерзімге тоқтауын гипоксия деп атады, ол қатерлі ісікті өршітеді, яғни ұйықтау кезінде қандай да бір ішкі ағзаға немесе тіндерге оттегінің қажетті мөлшерде жетіспеуі. Ол қан тамырларында қатерлі ісік жасушаларының пайда болуына әкеп соғады.

Ғалымдар тышқандарға зерттеу жүргізгеннен кейін осындай тұжырымға келді, зерттеуге 12 сау және қатерлі ісікке шалдыққан 12 тышқан қолданылды. Ғалымдар кідірмелі гипоксияға шалдыққан ауру кеміргіштерде жасушалар санының артқанын байқаған. Олар тышқандарға жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижесі адамдарға да келеді деп отыр. Сонымен қатар, авторлардың пайымдауынша, шылым шекпейтін, артық салмағы жоқ және спортпен айналысатын адамдардың ағзасы мен тіндеріне оттек қалыпты жағдайда баратындықтан қатерлі ісікке шалдығу қаупі төмен болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети