Ғалымдар Қытай жастарының үштен бірінің темекіден өлетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды BBC.
Ғалымдар Қытай жастарының үштен бірінің темекіден өлетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды BBC.
Зерттеу нәтижесінде Қытайдағы жастардың 20 жасқа жетпей шылым шеге бастайтыныны анықталған. Сонымен қатар, зерттеуде егер олардың темекіні дереу тастамаса өлімге әкеп соғатынын айтылады.
Ғалымдардың болжамы жаға ұстатады: 2010 жылы темекі шегуден қайтыс болғандардың саны миллионға детсе, 2030 жылы, қытайлар шылымнан бас тартпаса, 2 миллионға жетеді екен.
"Өлімнің алдын алу үшін темекіті тастау керек. Ал жастар темекіні бастамауы тиіс", - дейді Оксфорд университетінің ғалымы Ричард Пето. Зерттеуге қарағанда, Қытайда шылымға әуестенгендердің қатары айтарлықтай көбейген, сонымен бірге темекіден пайда болатын аурулардан көз жұмғандардың саны да өсіп келеді.