Ғалымдар мидағы қан айналымын арттыратын шырынды атады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымдар мидағы қан айналымын арттыратын шырынды атады fermilon.ru

Халықаралық ғалымдар тобы қара қарақат шырыны мидың алдыңғы бөлігіне қан ағымын арттыратынын анықтады. Бұл әсер тыныш күйде де, ақыл-ой белсенділігі кезінде де байқалған. Зерттеу нәтижелері Nutritional Neuroscience журналында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Газета.Ru-ға сілтеме жасап.

Тәжірибеге 18–35 жас аралығындағы 20 адам қатысқан. Бірінші жағдайда олар құрамында 500 миллиграмм полифенол бар Blackadder сұрпынан жасалған қара қарақат шырынын ішсе, екінші жағдайда – белсенді заты жоқ тура сондай сусын ішкен.

35 минуттан кейін зерттеушілер мидың сол жақ алдыңғы бөлігінде қанның оттекпен қанығуы артқанын және дезоксигемоглобин деңгейі төмендегенін байқаған. Бұл мидың қан және оттекпен жақсырақ қамтамасыз етілгенін көрсетеді.

Зерттеу авторы, доктор Энтони Уотсонның айтуынша, қара қарақат шырыны әсіресе назар мен шешім қабылдауға жауапты сол жақ префронталды қыртыстың белсенділігін арттырған.

Қара қарақат антоциандар сияқты полифенолдарға бай, ал бұл заттар қан тамырлары мен жүрек жұмысына оң әсер етеді. Ғалымдардың пікірінше, олар қан тамырларын кеңейтетін азот тотығының түзілуін күшейтуі немесе дофамин мен серотонин деңгейіне әсер етуі мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети