Ғалымдар мызғып алудың денсаулыққа зиян екенін айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© CHROMORANGE/BILDERBOX/ Globallookpress.com © CHROMORANGE/BILDERBOX/ Globallookpress.com

Токио университетіндегі жапон дәрігерлері күндізгі уақытта ұйықтаудың, яғни мызғып алудың денсаулыққа зиян екенін айтты, - деп хабарлайды Lenta.Ru. Зерттеулердің бұл қорытындылары Мюнхенде жыл сайын өтетін Еуропа ассоциациясы өкілдерінің диабет ауруын зерттеуге арналған кездесуінде айтылды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Токио университетіндегі жапон дәрігерлері күндізгі уақытта ұйықтаудың, яғни мызғып алудың денсаулыққа зиян екенін айтты, - деп хабарлайды Lenta.Ru. Зерттеулердің бұл қорытындылары Мюнхенде жыл сайын өтетін Еуропа ассоциациясы өкілдерінің диабет ауруын зерттеуге арналған кездесуінде айтылды.

Зерттеулердің қорытындыларына сәйкес, күндізгі уақытта мызғып алған адамдардың 45 пайызы екінші типті қант диабеті ауруына шалдығады. Айта кетейік, ғылыми зерттеу 21 ғалымның жетекшілігімен 300 мыңнан аса адамның негізінде жасалды. Сонымен қатар, күндізгі уақытта бір сағаттан аз мызғып алудың еш зияны жоқ екені айтылады. 

Ғалымдардың айтуынша, адамға күндіз бір сағат ұйықтап алу жеткілікті. Себебі адам ұйықтаған кезде оның ұйқысы бірнеше фазада өтеді. Яғни, жай фаза кезінде дене босаңсып, тыныс алу баяулап, қан қысымы түседі, ми сыртқы қоздырғыштарға жауап бермей, тыныш күйде болады. Осы кезең ағзаның қалпына келуіне өте маңызды. Егер де адам ұйқы фазаларын бөлетін болса, ол оның психологиялық күйіне әсер етіп, физикалық белсенділігін төмендетеді. Содан ағзада эндокриндік бұзылулар пайда болып, адамдар екінші типті қант диабетіне шалдығады.

Айта кетейік, осыған дейін де дәрігерлер күндіз 40 минуттан артық ұйықтаудың денсаулыққа зиян екенін айтқан болатын. Мамандардың пікірінше, күндізгі ұйқы зат алмасумен байланысты аурулардың асқынып, қан қысымының жоғарылауына, холестерин мен май ұлпаларының, қандағы қант мөлшерінің көбеюіне әкеледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course down  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro