Гарвард ғалымдары темекіге әуестіктің неден пайда болатынын анықтады, - деп жазады Eurekalert.org.
Гарвард ғалымдары темекіге әуестіктің неден пайда болатынын анықтады, - деп жазады Eurekalert.org.
Мамандардың айтуынша, темекіге әуестік уайым-қайғыдан пайда болады.
"Жүргізген зерттеулер темекі тәуелділігінен арылғандардың мұң, қайғыдан қайтадан темекі шегіп кеткенін анықтады. Зерттеу барысында адамдардың өз-өзін ұстауы, эмоциялары назарға алынды. Осылайша, көңіл-күйі түсіп, жабырқаған қатысушылардың бірден темекі іздей бастағаны байқалды. Олар тіпті қайғылы видео көрген соң да темекі іздеген. Сондай-ақ, өткен өмірін еске алып, мұңайғандардың да темекіге әуестігі бар екені анықталды", - делінген ғалымдардың зерттеуінде.
Темекі шегу мен спортпен айналысу жайлы ең көп тараған жаңсақ пікір айтылды