22 қазан 2020 | 12:52

НУ ғалымдары қазақстандықтардың ДНҚ базасын не үшін жинап жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Университетінің ғалымдары еліміздің түкпір-түкпіріндегі қазақстандықтардың генетикалық материалдарын жинап жатыр. Олар оны шифрлап, бір базаға біріктіреді. Бұл жалпы не үшін және қазақстандықтарға ол қалай көмектеседі? Бұл туралы Tengrinews.kz материалында.


Иконка комментария блок соц сети

Назарбаев Университетінің ғалымдары еліміздің түкпір-түкпіріндегі қазақстандықтардың генетикалық материалдарын жинап жатыр. Олар оны шифрлап, бір базаға біріктіреді. Бұл жалпы не үшін және қазақстандықтарға ол қалай көмектеседі? Бұл туралы Tengrinews.kz материалында.

Генетикалық талдау, яғни адамның ДНҚ-сын шифрлау қазір онкологиялық аурулар мен жүрек ауруларын емдеу үшін қолданылады.  Бірақ зерттеулер сапалы болуы үшін дәрігерлер емделушінің талдауын адамдардың жалпы генетикалық базасымен салыстыра алуы керек, қазақстандықтың геномын еуропалықтардың немесе жапондардың геномымен салыстырудың мәні жоқ.

Қазақстанда мұндай база болмаған, сондықтан қазір Назарбаев Университетінің National Laboratory Astana ғалымдары қазақстандықтардың генетикалық құрылымына зерттеу жүргізіп жатыр. Олар еліміздің түрлі өңірлеріне, негізінен ауылдарға барады, тексеру жүргізеді және жергілікті тұрғындардың биоматериалдарын жинайды.

Жобаға қатысушылардың бірі Айнұр Ақылжанованың айтуынша, қазақстандықтардың генетикалық құрылымын зерттеу еліміздің азаматтарында түрлі аурулардың қаупін бағалауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, зерттеудің арқасында НУ ғалымдары халықаралық базалармен салыстырмалы талдау жүргізіп, жаһандық Адам геномы картасындағы қазақстандықтардың "орнын" анықтай алады.

"Біздің мақсатымыз, бір жағынан, бізде қандай ауру қаупі бар екенін, әртүрлі патологияларға бейімділігіміз қаншалықты басым екенін көру. Екінші жағынан, біз эволюциялық тұрғыдан қазақтар, ұйғырлар, орыстар мен өзбектердің генетикалық құрамы жағынан қаншалықты жақын екенін көре аламыз. Сонымен қатар, біз өз деректерімізді қазіргі уақыттағы барлық мәлімет базасымен салыстырамыз: корейлермен, жапондармен, арабтармен, Еуропа халықтармен", - дейді Ақылжанова.

Генетикалық материалдар қалай жиналады?

"Қазіргі уақытта біз төрт этникалық топты - қазақтар, орыстар, өзбектер мен ұйғырларды алдық. Бұл Қазақстандағы ең көп таралған ұлттар. Біз әртүрлі ұлт адамдарының ерлер мен әйелдердің тең болуын қамтамасыз етуге тырыстық. Бірінші кезеңде барлығы 500 адамның материал жинай алдық", - деді NLA геномдық және дербес медицина зертханасының басшысы Айнұр Ақылжанова.

2019 жылдың қараша айынан бастап Назарбаев Университетінің мамандары Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарындағы бірнеше ауылды аралады. Ғалымдар коронавирусқа байланысты Алматы облысына бара алмады.

Шалғай ауылдарда мұндай мамандардың келуі сирек екен, сондықтан ғалымдар жергілікті тұрғындармен олардың шағымдары мен аурулары бойынша кеңес өткізді.

Алынған гендерді толық талдау үшін НУ ғалымдары жасанды интеллектті қолданады.

Ғалымдарға бір ұлтты, мысалы, қазақтарды алып, оны толығырақ зерттеген дұрыс емес пе?

Дәрігер Ақылжанова медицинада тәжірибеде қолдану үшін мұндай база әртүрлі пациенттер үшін жарамды болуы керек екенін түсіндіреді. 

"Біздің ел Шығыс, Батыс, Азия және Еуропаның тоғысында орналасқан. Оған қоса Жібек жолы. Гетерогенділіктің қаншалықты көрінетінін көру қызық. Біз зерттеуді кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Адамдар неғұрлым көп қамтылса, ақпарат статистикалық тұрғыдан сенімді болады", - дейді НУ маманы.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети