Ғалымдар адам денесінен тағы бір ми тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымдар адам денесінен тағы бір ми тапты © agelessgrace.com

Адам ағзасында "екінші ми" бар, ол ішекте орналасқан, австралиялық ғалымдар оның қандай қызмет атқаратынын анықтады, деп хабарлады РИА Новости агенттігі Science Alert басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Адам ағзасында "екінші ми" бар, ол ішекте орналасқан, австралиялық ғалымдар оның қандай қызмет атқаратынын анықтады, деп хабарлады РИА Новости агенттігі Science Alert басылымына сілтеме жасап.

Энтеральді (ішек - Авт.) жүйке жүйесі бірнеше миллион нейроннан тұрады, ол ішек-қарын жолының жұмысын реттейді. Бұл жүйе қашықтан жұмыс істейді, яғни бастағы ми мен жұлыннан бөлек.

"Шын мәнінде бұл жеке өзі бір ми", - деп мәлімдеді Флиндерс университетінің профессоры Ник Спенсер, оның айтуынша, бұл жүйені "бірінші ми" деп атауға болады, себебі ол даму кезінде орталық жүйке жүйесінен бұрын пайда болған.

Мамандар тышқандардың тоқ ішегіндегі нейрондардың электр импульсіне сараптама жасады және энтеральді жүйке жүйесінің ішектегі бұлшықеттің жиырылуына себепші болатын қоздырғыш және кедергі жасаушы нейрондарға синхронды түрде әрекет ететінін анықтады.

Ғалымдардың мәлімдеуінше, бұған дейін ғылым энтеральді жүйке жүйесінің миллиондаған жасушасын электр импульстарының бір мезетте түрлендіріп отыратынынан бейхабар болып келді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети