Ғалымдар арықтай алмаудың себебін атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымдар арықтай алмаудың себебін атады © sigina.ro

Израиль ғалымдары арықтаған соң артық салмақтың неліктен қайтып келетінін анықтады, - деп жазады Lenta.ru Nature журналында жарияланған мақалаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Израиль ғалымдары арықтаған соң артық салмақтың неліктен қайтып келетінін анықтады, - деп жазады Lenta.ru Nature журналында жарияланған мақалаға сілтеме жасап.

Эрана Элинава басшылық ететін ғалымдар тобы ішекте бактериялардың пайда болуы артық салмақтың қайтып келуіне себеп болуы мүмкін дейді. Олар тышқандарға жасаған тәжірибелерінен соң осындай қорытындыға келіп отыр. Ғалымдар алдымен оларды майлы тамақпен қоректендірген. Содан тышқандардың салмағы арта бастаған. Ал кейін оларды қарапайым диетаға ауыстырып, салдарынан олар бірден салмақтарын түсірген. Ғалымдар зерттеу барысында микробиомадағы, яғни микроағзадағы өзгерістерді бақылап отырған.

Сондай-ақ, жануарлардың майлы тамақтан жинаған артық салмағын түсірген соң, олардың бірден салмақ жинайтыны анықталды. 

Осылайша, ғалымдар рецидив салмақ қосудың ішек микробиотасымен байланысы бар екенін түсінді. Яғни, ішек құрылымы бірінші циклдан кейін-ақ (майлы тамақпен қоректенген соң), организмде бірден өзгерістер байқалған. Майлы тамақтан салмақ жинаған жануарлардың ішегін басқа жануарларға, яғни, майлы емес тамақпен қоректенетін жануарларға ауыстырғанда, олардың артық салмақты тез жинайтыны анықталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети