Ғалымдар баланың семіздікке шалдығуын құрсақта жатқанында анықтаудың жолын тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымдар баланың семіздікке шалдығуын құрсақта жатқанында анықтаудың жолын тапты © happy-pregnancy.com

Дәрігерлер жүктіліктің алтыншы айынан бастап құрсақтағы сәбидің семіздігіне болжам жасауды үйренді, - деп хабарлайды Lenta.ru  EurekAlert! сайтына сілтеме жасап. Ғалымдардың зерттеуі 2016 жылдың 1 сәуірі күні АҚШ эндокринологиялық ұйымының кеңесінде таныстырылды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер жүктіліктің алтыншы айынан бастап құрсақтағы сәбидің семіздігіне болжам жасауды үйренді, - деп хабарлайды Lenta.ru  EurekAlert! сайтына сілтеме жасап. Ғалымдардың зерттеуі 2016 жылдың 1 сәуірі күні АҚШ эндокринологиялық ұйымының кеңесінде таныстырылды.

Авторлар өз жұмыстарында екі мен алты жас аралығындағы толық (480 адам) және арық (783 адам) балаларды зерттеді. Зерттеу кезінде семіздікке шалдыққан балалардың құрсақта жатқан алтыншы айынан бастап бұған бейім бола бастағаны анықталды.

Бұрын ғалымдар дене салмағының индексін екі жасқа дейін есептемеуге кеңес беретін еді. Енді олар құрсақтағы сәбиге алты ай толғаннан бастап өлшеуге кеңес беріп отыр. Осылайша, ғалымдар семіздікке шалдығуды адам дамуының ерте кезеңінен бастап бақылауға алуды жоспарға алды.

Ересек адамдардың дене салмағының индексі бойы мен оның дене салмағының сәйкес келуі бойынша өлшенеді. Мысалы, дене салмағы 67 келі, бойы 1,7 метр болса индекс 23-ке тең.

Балалардың да ДСИ-і осылайша өлшенеді, бірақ жасына қарай даму ерекшеліктері ескеріліп, ол арнайы процентиль диаграммалардың көмегімен тіркеледі. Индекс 85-90 процентильден жоғары болса семіздікке шалдыққан болып есептеледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети