Ғалымдар бір түн ұйықтамаудың қаупін атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымдар бір түн ұйықтамаудың қаупін атады © pixabay.com

Адам бір түн ұйықтамаса оның бауырынан мөлшерден көп глюкоза шығып, май бездерінің дерті мен 2-типтегі қант диабеті сияқты метаболит аурулар пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Тохо университетінің ғалымдары айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ғалымдар жүргізген зерттеу American Journal of Physiology - Endocrinology and Metabolism журналында жарияланды.

Ғалымдардың айтуынша, дұрыс ұйықтамаған адамдар көбіне көп тамақ ішіп, аз қимылдайды және 2-типтегі қант диабетіне шалдығып жатады. Осы ретте мамандар екі типті жануарларға зерттеу жүргізген: біреулеріне көп дегенде 6 сағат ұйықтауға уақыт берсе, екіншілеріне ұйқыға шектеу қоймаған. Бірақ екі топқа да майлы тағам мен тәтті сулар беріліп тұрған.

Зерттеу нәтижесінде дұрыс ұйықтамаған жануарлардағы глюкоза мен триглицеридтің (майдың) мөлшері екінші топқа қарағанда айтарлықтай көп болғаны анықталған. Ал триглицеридтің мөлшері көбейсе, ғалымдардың айтуынша, 2-типтегі қант диабетінің пайда болу қаупі артады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети