Ғалымдар өмірді ұзартатын препарат ойлап тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымдар өмірді ұзартатын препарат ойлап тапты Иллюстрациялық сурет © Crypto Coin

Француз ғалымдары қандағы "жаман" холестериннің көлемін төмендетіп, инсульт пен инфаркт қаупін 15 пайызға азайтатын алирокумаб препаратын жасап шығарды, - деп хабарлайды MedicalXpress сайты. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Француз ғалымдары қандағы "жаман" холестериннің көлемін төмендетіп, инсульт пен инфаркт қаупін 15 пайызға азайтатын алирокумаб препаратын жасап шығарды, - деп хабарлайды MedicalXpress сайты. 

Алирокумаб адамның өмір жасын да айтарлықтай ұзартады. Бұл дәрмек PCSK9 ингибиторлар классына жатады, ол иммунды жүенің бауырдағы өзгеше ақуыздарға шабуыл жасауына ықпал ететін моноклоналды антидене. Бұл дәрмекті екі жыл қабылдаған "жаман" холестерині жоғары адамдарда ерте қайтс болу қаупі 29 пайызға азайған. 

Холестерин бұл майлы спирт, ол қан құрамында түрлі липопротеин түрінде болады. Тығыздығы төмен липопротеиндер тар қан тамырларын бітеп, жүрек қан-тамыры жүйесінің қызметін нашарлатады. Оның құрамындағы холестерин "нашар" деген атау алған. Ал Тығыздығы жоғары липопротеиндер "жақсы" холестеринді тасымалдаушы болып келеді, ол атеросклероз, инсульт және жүрек талмасының қаупін төмендетуге септеседі. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети