20 қаңтар 2014 | 14:31

Гидрогель пайдаланған 50 бала дертінен айықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

сурет pozitivchik.info сайтынан алынған сурет pozitivchik.info сайтынан алынған

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Химиялық физика және жоғары молекулалық қосылыстар химиясы кафедрасының профессоры Григорий Мун Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында, "Урологиялық ауруға шалдыққан 50 бала қазақстандық гидрогель пайдалану нәтижесінде дертінен айықты" деп мәлімдеді. Ғалымның айтуына қарағанда, гидрогель зәр шығару органы ауруына қарсы пайдаланылады. Елімізде жеті жасқа дейінгі балалардың 30 пайызы осы ауруға шалдыққан. Гидрогельдің тиімділігі – ем хирургиялық араласуды қажет етпейді. Гидрогель шприцтің көмегімен несептамырға жіберіледі. Зәрағарға барған гидрогель қатайып, несеп жолдарын қалпына келтіреді. Мун мырзаның мәліметінше, гидрогельді пайдаланған барлық жағдайда ем оң нәтиже берген, жанама зиянды әсері болмаған. Қазақстандық гидрогель тек урология саласында ғана емес, хирургияда да қолданылмақ. Қазіргі таңда зертханада жарақат орнын, күйік шалған жерді байлайтын гидрогельді таңғыш жасалып жатқан көрінеді. Ғалым гидрогельді таңғыштың 2015 жылы шағарыла бастайтынын, аталмыш жобаның коммерциализациялау бойынша конкурсты жеңіп алғанын тілге тиек етті. Отандық өнімнің шет елдік ұқсас өнімнен айырмашылығы – қазақстандық гельдің құрамында антибактериялық қасиетке ие фитопрепараттардың, анестетик және нанокүміс бөлшектерінің болуында. Сондай-ақ, мамандар қазақстандық гидрогельді маммопластикада (омырау формасын коррекциялау) қолдануды да жоспарлап отырған көрінеді. Өйткені елімізде маммопластикаға деген сұраныс жоғары және жыл өткен сайын артып келеді. Негізі, қазіргі таңда маммопластикада силикон пайдаланылады. Алайда силиконның көптеген кемшілігі бар. Ол ісік ауруына ұрындыруы ықтимал. Ғалымдардың пайымдауынша, қазақстандық гидрогель толықтай инертті, оның еш кері әсері жоқ.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 495.34   523.31   4.94 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети