18 ақпан 2014 | 13:20

Халықтың көбі отандық медицина жақсарған жоқ деп санайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

"Саламатты Қазақстан" бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан шараларға қарамастан, тұрғындардың басым көпшілігі соңғы үш жылда отандық медицинаның жағдайы өзгерген жоқ деп санайды. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "Стратегия" әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығының мамандары айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Стратегия" орталығы мен "Десента" қоғамдық қорының сарапшылары "Сорос-Қазақстан" қорының қолдауымен "Мемлекеттік қаржылардың ашықтығы" жобасы негізінде "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңінің іске асыру тиімділігін бағалаған. Еліміздің сегіз аймағы бойынша 1094 респондент пен 17 сарапшы маманнан сауалнама алынды. Зерттеу нәтижесінде бұл мемлекеттік бағдарламаның құқықтық базамен және қаржымен жақсы қамсыздандырылғаны белгілі болды. Дегенмен әлеуметтік маңызы жоғары жоба жөнінде халық тегіс біле бермейтін болып шықты. "Сауалнамаға қатысқан тұрғындардың басым көпшілігі - 45%-ы соңғы үш жылда қазақстандық денсаулық сақтау саласының жағдайы, медициналық қызмет сапасы өзгеріссіз қалды деп есептейді. Ал сұрау салынғандардың 11%-ы – жағдай нашарлады деген пікірде. Респонденттердің 38%-ы, яғни әрбір үшіншісі медициналық қызмет көрсетудің сапасы, жалпы ахуал оң бағытқа өзгерді деп санайды", - деді "Стратегия" ӘСЗО қоғамдық қорының жоба үйлестірушісі Ольга Симакова. Симакованың айтуынша, респонденттердің 62% -ы бағдарламаның атауын бірінші рет естігенін айтқан. "Жауап бергендердің 15%-ының ол жайлы оқып білгені, кейбір бағыттары туралы хабардар екені белгілі болды, ал сұрау салынғандардың 17%- ы "Саламатты Қазақстан" деген бағдарламаны білгенімен, оның мазмұнынан бейхабар болып шықты. Сауалнаманың нәтижесінде анағұрлым танымал іс-шаралардың үштігіне ұлттық скрининг жүйесі еніп отыр, ол жайлы респонденттердің 77%-ы біледі, "Саламатты Қазақстан" мамандандырылған медициналық пойыздар туралы сұралғандардың 36%-ы біледі, ал 32%-ының "Ауруханаға жатқызу бюросы" интернет-порталы туралы ақпараттандырылғаны анықталды", - дейді жоба үйлестірушісі. Сарапшылардың айтуынша, зерттеу нәтижесіне қарағанда халықтың бұл бағдарламаға араласу деңгейі де көңіл көншітпейді. Сонымен бірге, тұрғындардың көбі (48%) бағдарлама жақсы қолға алынғанымен, жергілікті жерде дұрыс орындалмайды деп санайды. Ал мамандар арасында жүргізілген зерттеу бағдарламаның тиімді іске асырылып жатқанын көрсетті. Дегенмен бағдарлама мен оның міндеттері жайлы бөлім меңгерушісі деңгейіндегі кейбір дәрігерлердің өзінің білмейтіні анықталған. Тұтастай алғанда, 2015 жылға қарай "Саламатты Қазақстанның" табысқа жеткізетініне халықтың 63%-ы, сарапшы респонденттердің 70%-ы сеніп отыр. "Сауалнамаға қатысушылар мемлекеттік бағдарламаның орындалуына кері әсер ететін факторлар ретінде жемқорлық, медицина мамандарының тапшылығы, отандық денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімсіздік, бағдарламаның орындалуына тиісті бақылаудың болмауы және халықтың өз денсаулығына немқұрайлы қарауы сияқты жайттарды атады", - дейді Симакова. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мамандары болса, 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында қолға алынған скринингтік зерттеулердің оң нәтиже беріп отырғанын айтады. Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұлттық скрининг халықтың 30%-ын қамтиды. 2013 жылы осы шараның нәтижесінде 879 мың адамнан ауру белгісі алғаш рет анықталды. Скрининг Қазақстанда соңғы бес жылда қатерлік ісікке шалдыққандардың жас ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік туғызған.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети