10 ақпан 2021 | 11:30

Ишемиялық инсульттің жеті белгісі аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік невролог дәрігер Аминат Долова АиФ басылымына берген сұхбатында ишемиялық (жасырын) инсульттің белгілерін атады. Невролог инсульттің бұл түрі ешқандай белгісіз өтуі мүмкін еместігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ресейлік невролог дәрігер Аминат Долова АиФ басылымына берген сұхбатында ишемиялық (жасырын) инсульттің белгілерін атады. Невролог инсульттің бұл түрі ешқандай белгісіз өтуі мүмкін еместігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жасырын инсульт - ми қан айналымының жедел бұзылуы. Ол жағдайда айқын клиникалық белгілер байқалмайды және көбіне миды компьютерлік немесе магниттік-резонанстық томографиядан өткізу нәтижесіне қарай ретроспективті түрде диагноз қойылады", - деп түсіндірді Долова.

Невролог жасырын инсульт белгілеріне назар аударуға кеңес берді:

  • кенеттен бас айналу;
  • жүріс-тұрыстың бұзылу проблемалары;
  • көру қабілетінің бұзылуы;
  • страбизмнің дамуы;
  • сөйлеу анықтығын жоғалту;
  • беттің асимметриясы (біраз уақыт өткен соң);
  • ұйқышылдық, аяқ-қолда әлсіздік пайда болуы.

Ол мұндай белгілер жиі қайталанса, дәрігермен кеңесу қажет екенін атап өтті. Тек тексеруден кейін диагноз расталуы немесе жоққа шығуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін дәрігерлер коронавирус жұқтырған науқастарда қандай неврологиялық асқынулар болуы мүмкін екенін айтқан. Олардың айтуынша, коронавирус жұқтырған кезде инсульт алу мүмкіндігі көбірек, шамамен алты пайыз. Бұл инфекция жұқтырған соң бірнеше аптадан кейін пайда болуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети