Израиль ғалымдары С гепатитінен толық сауықтыратын препарат ойлап тапты

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет: Pixabay.com Сурет: Pixabay.com

Израиль дәрігерлері С гепатитін емдеуде айтулы жетістікке жетті, - деп хабарлайды "Хабар 24".

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Израиль дәрігерлері С гепатитін емдеуде айтулы жетістікке жетті, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Бұл ауыр дерттен әлем бойынша жылына жүздеген мың адам қайтыс болады. Ғалымдар жасап шығарған жаңа препараттың көмегімен науқастар аурудан құлан таза айығып жатыр.

С гепатиті әлемдегі ең қауіпті дерттердің қатарында тұр. Бұл вирус адам ағзасында ондаған жылдар бойы білінбей, кейін бауырды ауыр зақымдап, ажалға әкелуі мүмкін. Әлем бойынша осы ауруға 150 миллион адам шалдыққан, жыл сайын одан 350 мың адам ажал құшады. Израиль ғалымдары осы қауіпті ауруды жеңетін дәрілерді жасап шығарды.

"Осыған дейін ескі дәрілерді қолданғанда бұл аурудан жазылу көрсеткіші 50 пайыз шамасында болатын. Біздің көрсеткішіміз 90 пайыздан асып тұр. Оған қоса, емін қиындататын жанама әсерлерінен құтылдық", - дейді Гепатологиялық бөлімнің жетекшісі Орон Шиполет.

Мамандар бұрынғы дәрілердің жанамалық әсері химиотерапиямен шамалас екенін айтады. Оның салдарынан тіпті кейде ем беруге мүмкіндік болмайтын. Сондай-ақ аурудан жазылу мерзімі бір жылдан жарты жылға дейін азайды.

"Біз вирустан толық сауығу туралы айтып отырмыз. Осыдан кейін ол ешқашан қайталанбайды және бауырға зиян келтірмейді", - дейді гепатолог Елена Кацман.

Бұл медицинадағы нағыз революция болды. Енді қымбат тұратын дәрі тамызғыштардың қажеті болмайды. Науқас дәрі ішіп, дайын шприцтармен екпені өзі жасай алады. Гепатиттен алғашқы болып емделгендердің бірі – Голливуд жұлдызы Памела Андерсон. Израильде емнің бұл әдісі мемлекеттік сақтандыру пакетіне енгізіліп, қазірдің өзінде ондаған мың адам бұл дерттен жазылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro