Алматыға Израильден жетекші хирургтер келді, олар Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының клиникасында бірнеше бірегей ота жасайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Дәрігерлер таяу уақытқа дейін ірі буындар және омыртқамен байланысты оталардың ашық түрде өтіп келгендігін, ал қазір заманауи ортопедияда адамға жарақат аз келтіретін, яғни буын мен омыртқаны ашпай ота жасауға болатынын айтады.

"Соңғы 1,5 жылда біз Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының клиникасымен серіктестік аясында кезекті шеберлік дәрісін алып келдік. Бүгін біз ортопедиямен байланысты екі блок өткізіп жатырмыз. Израильдің жетекші хирургтері келді - олар Эран Маман және Алекс Гефтлер, олар бірегей ота жасайтын болады. Бұл - жарты сағатта жасалатын жаңа ота. Біз иық буындарына жасалатын оталарды және онымен байланысты, яғни: спорт жарақаттары, сыну, сіңірдің үзілуі, артроздар жарақат аз келтіретін оталарды айтамыз", - деді Израильдің MVI клиникасының бас директоры Наталья Хедват.
Оның сөзінше, әр жастағы адамдарға иық буынын ауыстыру отасы жеңіл және ауыртпай өтеді. Ол "бүгін жоғары технологиялы импланттар жекеленген іріктеу жасауға мүмкіндік береді", - деді.
Айта кетейік, 8-10 қазан аралығында Израильдің жетекші хирургтері Маман мен Гефтлер ота ғана жасап қоймай, сонымен қатар клиникалық дәрістер оқиды. Иық буындары мен омыртқаға жарақат аз келтіру арқылы жасалатын артроскопиялық ота әдістері аурухана мамандарының ерекше назарында болады. Израиль хирургтері беретін білім мен шеберлік қазақстандық дәрігерлер жасайтын жоғары технологиялық оталардың тізімін кеңейтеді деп күтіліп отыр.