Жаңа "омикрон" штамы кімдерге қауіпті?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа "омикрон" штамы кімдерге қауіпті? Фото: Reuters

ОАР дәрігерлері коронавирустың "омикрон" штамы жастар арасында жылдам тарап жатқанына алаңдаулы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Газета.ru сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОАР дәрігерлері коронавирустың "омикрон" штамы жастар арасында жылдам тарап жатқанына алаңдаулы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Газета.ru сайтына сілтеме жасап. 

Соуэто қалалық аурухананың реанимация бөлімінің басшысы Рудо Мативаның айтуынша, ауруханаларға 20-30 жас аралығындағы жастар орташа ауыр жағдайда түсіп жатыр, алайда олардың кейбіріне қарқынды терапия қажет.

"Шамамен 65 пайызы вакцина алмаған, ал қалғандарының көбі тек бірінші дозаны салдырған", - деді ол.

Вирус жұқтыру өсімі жалғасса, елдің медициналық мекемелері толып кету қаупі бар. Матива жағымсыз сценарий орындалса "дельта" штамына ұқсас жағдай туындайтынын ескертті, сондықтан қарқынды терапия үшін көбірек төсек-орын дайындау керегін айтты. 

Бұған дейін Африканың оңтүстігінде коронавирустың жаңа штамы B. 1.1.529 ("омикрон") табылған еді, ол "өте көп мутацияға түскен". 26 қарашада ДДСҰ коронавирустың жаңа, қатты мутацияланған нұсқасының ашылғанын ресми түрде жариялады.

"Омикрон" Еуропаның бірнеше елінде - Германия, Чехия, Италия, Ұлыбритания, Нидерланды және Бельгияда анықталды. Сондай-ақ, Гонконг, Израиль және Аустралияда вирустың осы нұсқасы тіркелгені хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети