Биылғы жылдың соңына дейін Елордада екі емхана мен бір амбулаторлық нысан ашылады, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биылғы жылдың соңына дейін Елордада екі емхана мен бір амбулаторлық нысан ашылады, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан мәліметте жыл соңына дейін қала бойынша ашылатын емханалық нысандар туралы айтылған.
"2014 жылдың аяғына қарай Есіл өзенінің сол жағалауынан 500 адамды қабылдай алатын амбулаторлық-емханалық кешен ашылмақ. Қала шетіндегі Ильинка кенті мен Досмұхаметов көшесінде емхана пайдалануға беріледі. Ал 2016 жылы бас қалада 3 мамандандырылған денсаулық мекемесі салынады деп жоспарлануда. Бүгінде аталған нысандардың құрылысы жүріп жатыр", - делінген мәліметте.
Бүгінде Астанада 34 медициналық мекеме жұмыс істейді. Оның 14-і аурухана болса, 11-і бастапқы медициналық-санитарлық пункт санатына кіреді. Сонымен бірге оның ішінде 1 қалалық жедел жәрдем стансасы жұмыс істеп тұр.
"Қала тұрғындарына республикалық маңызы бар 9 аурухана, 1 республикалық диагностикалық орталық, 7 ведомстволық мекеме, 2 жекеменшік аурухана мен 8 жеке меншік амбулаторлық-емханалық ұйым медициналық көмек береді", - делінген қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.