Канадалық дәрігерлер диабет дәрісінің қатерлі ісікті емдеуге тиімді екенін анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Канадалық дәрігерлер диабет дәрісінің қатерлі ісікті емдеуге тиімді екенін анықтады © onkonature.ru

Канадалық ғалымдар екінші типті қант диабетін емдеуге пайдаланылатын метформин қатерлі ісік жасушаларының ретсіз көбеюін тоқтата алатынын анықтады, - деп хабарлайды РИА Новости. Зерттеу қорытындысы PLOS ONE журналында жарияланды. 

Мамандар дәрмекті зертханалық тышқандарға сынап көрген. Алдымен олар тышқандарға адамның қатерлі ісік жасушаларын ауыстырып салған. Тәжірибе қорытындысы метформиннің химиотерапия мен доксорубицин әсер ете алмайтын қатерлі ісіктің өсуін тежейтінін көрсеткен. 

Зерттеушілердің сөзінше, метформин сүт безіндегі қатерлі ісік жасушаларын химиотерапия кезінде жойылатындай деңгейге түсіреді. Мамандар бұл зерттеуін ары қарай жалғастырмақ. 

Мұның алдында франциялық ғалымдар қатерлі ісікті емдеуге қолданылатын ниволумаб дәрмегінің АИТВ-мен күресуге тиімді екенін ашқан болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course up  603.27  course up  6.41  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети