25 тамыз 2022 | 10:34

Қандай ауруға шалдыққанда көлік жүргізуге болмайды? Дәрігер кеңесі

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pexels.com Фото: pexels.com

Жүрек-қан тамыры аурулары бар адамдар үшін көлік жүргізу қауіпті болуы мүмкін. Сондай-ақ, катаракта, глаукома және инсульт алған адамдарға көлік жүргізбеген жөн. Бұл туралы терапевт дәрігер Андрей Звонков айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі URA.RU сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Жүрек-қан тамыры аурулары бар адамдар үшін көлік жүргізу қауіпті болуы мүмкін. Сондай-ақ, катаракта, глаукома және инсульт алған адамдарға көлік жүргізбеген жөн. Бұл туралы терапевт дәрігер Андрей Звонков айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі URA.RU сайтына сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, жүрек ырғағының бұзылуы өте қауіпті.

"Егер адамда аритмия немесе жүрек ырғағының күрделі бұзылу түрлері болса, олар жолаушы санатына ауысқаны дұрыс. Кәсіпорындарда гипертониямен ауыратын жүргізушілердің қан қысымы 140-тан жоғары болса, оларды желіге шығармайды. Ал күнделікті өмірде әркім өз ойынша тәуекелге барады. Қан қысымы 200 де 100 болса, ол адам мұны білмей қалуы мүмкін. Ол рөлде отырған кезінде де аяқ асты есінен танып қалуы мүмкін", - деді Звонков.

Сондай-ақ, көру қабілеті бұзылған және инсульт алғаннан кейін көлікті жүргізбеген дұрыс, деп кеңес берді терапевт.

"Глаукома кезінде түсті қабылдау қатты өзгеруі мүмкін. Катаракта кезінде көру өрістері түсіп кетеді. Инсульттан кейін де көлік жүргізбеген дұрыс. Егер оңалту аяқталған болса, науқас өзін қалыпты сезінеді, оның реакциясы зардап шекпеген болса, невропатологпен кеңескеннен кейін көлік жүргізе алуы мүмкін. Сондықтан, жүргізушінің жағдайын психоневролог, невропатолог тексеруі керек", - деді дәрігер.

Сонымен қатар, дәрігер қандай дәрі-дәрмектерді ішкеннен кейін көлік жүргузі қауіпті екенін айтты. Звонковтың айтуынша, орталық жүйке жүйесіне әсер ететін барлық препараттың нұсқамасында дәріні ішкеннен кейін көлік жүргізу және қауіпті әрекеттермен айналыспау керек деген белгілер бар.

"Бұл препараттар реакцияны азайтады. Оларды тыныштандыратын дәрілер деп атауға болады. Ең танымалы - "Валокордин". Оның құрамында жүрек соғу жиілігін төмендететін валерик қышқылы және өте күшті фенобарбитал бар. Ұйықтамасаңыз онда реакция міндетті түрде баяулайды", - деп түсіндірді Звонков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети