13 желтоқсан 2019 | 18:00

Қартаю мен алжуға қарсы дәрі табылды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

АҚШ-тың Солка институтындағы ғалымдар алжу мен Альцгеймер ауруына қарсы CMS121 және J147 дәрілері тышқандардың қартаюын баяулатады және ми жасушасының зақымдануын бұғаттайды деген тұжырым жасаған. Бұл туралы Medical Xpress баспасөз хабарламасында жазылған, - деп хабарлайды Lenta.ru


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың Солка институтындағы ғалымдар алжу мен Альцгеймер ауруына қарсы CMS121 және J147 дәрілері тышқандардың қартаюын баяулатады және ми жасушасының зақымдануын бұғаттайды деген тұжырым жасаған. Бұл туралы Medical Xpress баспасөз хабарламасында жазылған, - деп хабарлайды Lenta.ru

Ғылыми тәжірибе үшін тез қартаятын тышқандар қолданылған. Оларға CMS121 немесе J147, яғни Альцгеймер ауруы немесе қартаю кезінде нейрондардың қызметін қолдауға қабілетті өсімдік қосылыстары негізіндегі заттар берілді. Жануарлардың жасы - тоғыз ай болған. Бұл адамдардың орта жастан асқаннан кейінгісіне тең. Төрт айдан кейін тышқандардың мінез-құлқы мен жады тексерілді, сондай-ақ, мидағы генетикалық және молекулалық жүйелер талданды.

Нәтижесінде тәжірибе жүргізілген тышқандардың жады қарапайым қандастарынан жақсы болып шықты. Оларда жасушалық және молекулалық деңгейде өзгерістер байқалған. Мысалы, жасушалық органелдермен энергия өндіретін митохондрияға байланысты гендердің белсенділігі тұрақты қалпында қалды.

Қосылыстар зат алмасуға маңызды А ацетилкоферментінің деңгейін арттыруға көмектесетіні анықталды, ол митохондрия жұмысын жақсартады және қартаюға ықпал ететін ми жасушаларындағы процестерді баяулатады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети