Қартаюды баяулататын жаттығулар белгілі болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© naturnike.ru © naturnike.ru

Бельгия мен Германияның ғалымдары аш жүру мен төзімге арналған дене жаттығуларының теломердің жылдам қысқаруының алдын алып, осылайша ағзаның қартаюын баяулататынын зерттеу жүзінде дәлелдегенін мәлімдеді. Зерттеу Science Advances журналында жарияланды. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бельгия мен Германияның ғалымдары аш жүру мен төзімге арналған дене жаттығуларының теломердің жылдам қысқаруының алдын алып, осылайша ағзаның қартаюын баяулататынын зерттеу жүзінде дәлелдегенін мәлімдеді. Зерттеу Science Advances журналында жарияланды. 

Генетиктер тәжірибелердің бірінші кезеңінде адам хромосомаларының ұш бөліктерін сараптап, онда PGC-1α ақуызын тапқан. Протеин TERRA молекуласының транскрипциясы болатын бөліктерде теломерлермен қатынасқа түседі. TERRA молекуласы теломерлердің бұзылмауын қадағалайтын қасиетке ие. 

Ғалымдар зерттеудің екінші кезеңінде PGC-1α ақуызының жасушаның энергетикалық алмасуға қатысатынын анықтады. Нақтырақ айтқанда, протеиндер түрлі стимулдар болса (мәселен төзімділікке арналған дене жаттығулары мен калорияның шектеуі пайда болған жағдайда) TERRA молекуласының транскрипциясын іске қосатын ауыстырушы қызмет ететіні белгілі болған. 

Ғалымдар ерікті түрде қатысуға келісім берген 10 сау адамға тәжірибе жүргізді. Зерттеу бойынша, велосипедті 45 минут жүргізгенде бұлшықеттерде TERRA молекулаларының мөлшері артқан. Өз кезегінде бұл PGC-1α ақуызын шығаруға қатысатын AMPK ферментінің белсенді болуымен жағымды арақатынас орнатты. 

Велосипедшілер мен адамның өсетін бұлшықет жасушаларының зерттеулерін бақылаған ғалымдар TERRA молекуласының транскрипциясын дене жаттығуларымен айналысқанда және аш жүргенде өндірілетін AMPK ферменті реттейді деп болжам жасады. Ғалымдардың бұл зерттеуі дене жаттығулары мен аш жүрудің қартаюды баяулататынын зерттеу жүзінде дәлелдеп берді, - деп жазады Lenta.ru.  


Ғалымдар жүргізген зерттеу
© Aurélie Diman and Anabelle Decottignies

Теломерлерде хромосомалардың ұш бөліктері бар, ол хромосомалардың қорғаныс функциясын атқарады. Адамның сәби кезінен бастап олар бірте-бірте қысқара түседі: есею шағына дейін екі есе және қарттыққа дейін төрт есе қысқарады екен. Ғалымдар мұны адам ағзасының қартаюының бір себебі деп отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro