21 ақпан 2018 12:30

Қатерлі ісіктің өз-өзін жойып жіберу процесін іске қосатын механизм табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет © Vevby Иллюстрациялық сурет © Vevby

Американың Саут-Бенд қаласындағы Нотр-Дам университетінің мамандары жасушалардың некрозына қатысатын ақуыздың RIPK1 ферменті қатерлі ісіктің өсуін тоқтатып, метастазалардың пайда болуына жол бермейтінін анықтады. Ғалымдар бұл қоспаны обырдың ең ауыр түрлерін емдеуде қолданбақ, - деп хабарлайды MedicalXpress.

Зерттеу қорытындысы RIPK1 жасушадағы метаболизмге қуат беретін митохондрияларды азайтатынын көрсетіп отыр. Өз кезегінде бұл ақуыздар, липидтер мен ДНҚ-ны бүлдіретін оттегінің белсенді формалары көбейген уақытта қышқылдандыру стресін дамытады екен. 

Мұндай жағдайда жасуша өзін апоптоз процессінде жоя бастайды немесе мұны жасушаның бақылаудағы өлімі деп атайды. Бұл қатерлі ісіктен қорғанудың бір жолы екен. 

Бұл жағдай метастазға бөгет болғанымен, қатерлі ісік бұған икемделуі мүмкін. Зерттеушілердің пікірінше, бұл мәселені RIPK1 шешпек. 

Некроз дегеніміз жасуша өлімінің патологиялық формасы, мұндай кезде жасуша індет жұқтырып, жылу немесе өзге де физикалық әсер салдарынан жойылады, ал оның ішкі құрылымы жасушааралық кеңістікке құйылады. Апоптоз кезінде жасуша генетикалық бағдарлама бойынша өледі, ал оның қалдықтары тіннен қоздыру тудырмай шығып кетеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети