20 ақпан 2014 | 18:30

Қазақ онкология ғылымы ауыр қазаға ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сайым Балмұханов. ©Np.kz Сайым Балмұханов. ©Np.kz

Алматыда радиология мен радиобиологияның негізін қалаушы, елімізде онкологиялық қызметтің дамуына өлшеусіз үлес қосқан академик, медицина ғылымының докторы, профессор Сайым Балуанұлы Балмұханов қайтыс болды деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтына сілтеме жасап. Сайым Балмұханов 19 ақпан күні 92 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Академик Балмұханов Қазақстанда рентген-радиология және радиобиология ғылымының негізін қалаушы және оны қазіргі заманғы жоғары деңгейге жеткізуші ретінде белгілі. Ол 1922 жылы Ақтөбе облысының Темір ауданында дүниеге келген. 1943 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетін аяқтағаннан кейін өз еркімен Екіншідүниежүзілік соғысқа аттанған. Ерлігі үшін "Қызыл жұлдыз" орденімен марапатталған ол соғыстан аман келген соң Мәскеудің Рентгенология және радиология институтында білімін жетілдірді. 1953 жылы Алматыдағы медицина институтының рентгенология және радиология кафедрасын басқарды. 1959 жылы Мәскеуде докторлық диссертация қорғады. 1969-1973 жылдары Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтында басшылық қызметте болды. Профессор Балмұханов халқына адал қызмет етті. 450-ден астам ғылыми жұмыс жазып, онкологиялық қызметтің, қатерлі ісікті жаңа әдістермен емдеуді жетілдірудің басы-қасында жүрді. Оның басшылығымен елімізде тұңғыш рет іш құрылысы ісіктерін сәулемен емдеудің клиникалық базасы ашылды. Дәрігер ғалым ядролық қарудың Семей өңірі тұрғындарының денсаулығына тигізген зиянын егжей-тегжейлі зерттеді. "Дәрігерлер ядролық соғысты болдырмау үшін" деп аталған бүкіләлемдік қозғалыстың қазақстандық жетекшісі, "Невада-Семей" халықаралық қозғалысының президиум мүшесі ретінде Балмұханов әлемнің радиацияға қарсы қайраткерлерінің қатарынан табылды. 1997 жылы оған Жапонияның халықаралық Бейбітшілік сыйлығы берілді. Қазақ медицинасының аса көрнекті өкілімен қоштасу 21 ақпан күні Алматыдағы Ғалымдар үйінде сағат 10.00-де өтеді.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети