Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жүргізген зерттеулеріне сәйкес, спирт ішімдіктерін тұтыну деңгейі жөніндегі рейтингте Қазақстан 188 елдің арасында 34-орынды иеленіп отыр. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа сілтеме жасап хабарлайды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жүргізген зерттеулеріне сәйкес, спирт ішімдіктерін тұтыну деңгейі жөніндегі рейтингте Қазақстан 188 елдің арасында 34-орынды иеленіп отыр. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа сілтеме жасап хабарлайды.
"Еліміздің әрбір азаматы жылына орта есеппен шамамен 5,5 литр таза этил спиртін немесе 11 литр арақ тұтынады екен. Нәтижесінде Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі арақты ең көп ішетін ел ретінде танылып отыр",- деді бүгін Мәжілісте Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов. Оның айтуынша, алкоголь өнімін тұтынуды қысқарту және оның айналымын реттеу үшін Мемлекет басшысы бірқатар тапсырмалар жүктеген. Осыған орай, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы әзірленген.
Құжатта Қазақстанда спиртті ішімдіктердің сатылу орындарын және сату уақытын шектеу қарастырылады. Атап айтқанда, спиртті ішімдіктер мейрамханаларды, дәмханалар мен барларды қоспағанда, кешкі сағат 21-ден бастап, келесі күнгі 12-ге дейін жұмыс және демалыс күндеріне бөлінбестен сатуға тыйым салынады. Сонымен қатар, спиртті ішімдіктердің сатылу орындары шектеледі. Бұл ретте денсаулық сақтау, білім беру, балалар мекемелерінің ғимараттарында, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорттық-техникалық құрылыстарда сатуға тыйым салынатын болады. Сонымен қатар, автожанармай құю стансаларында тыйым салу белгіленеді. Заң жобасында алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізу аясында белгіленген талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық күшейту қарастырылады. Бұдан бөлек, этил спирті мен алкоголь өнімінің айналымына және өндіріліміне мемлекеттік бақылау күшейтіледі. Сонымен қатар, заң жобасы аясында Кеден одағының бірыңғай экономикалық кеңістігінде Қазақстанның серіктестерімен алкоголь өнімдеріне теңдей жағдай жасау қарастырылады.