27 мамыр 2015 | 17:44

Қазақстанда 150 мыңнан аса адам онкологиялық есепте тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gagauzinfo.md © gagauzinfo.md

Қазақстанда 150 мыңнан аса адам онкологиялық есепте тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 150 мыңнан аса адам онкологиялық есепте тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, онкологиялық есепте тұрған қазақстандықтардың саны 2013 жылы 146 мың болған. Мұндай науқастар санының артуына обыр дертіне шалдыққандарды ерте кезеңде анықтау себеп болып отыр. Елімізде 17 мыңға жуық адам жыл сайын обырдан қайтыс болады.

"Онкологиялық ауруларды ерте анықтау, олардың диагностикасы, емдеу және оңалту шаралары - 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі. Осыған байланысты, бүгін, 27 мамырда Астанада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты, Varian Medical Systems және Medpark B.V бірлесіп ұйымдастырған "Жоғары технологиялық сәулелік терапияның өзекті мәселелері" тақырыбында екі күндік халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады", - делінген министрліктің хабарламасында.

Айта кетейік, бұл іс-шараға еліміздің барлық бейінді емдеу мекемелерінен сәулелік терапия саласының мамандары қатысып жатыр. Конференция барысында АҚШ, Швейцария, Латвияның жоғары білікті сарапшылары баяндама жасап, тәжірибелерімен бөліседі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети