03 наурыз 2021 | 09:19

Қазақстанда арықтауға арналған қауіпті препарат сатылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қазақстанда арықтауға арналған қауіпті препарат - "Сибутрамин" сатылған. Бүгінде оны елімізде сатуға тыйым салынған, препараттың куәліктері қайтарып алынған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері айтты. Алайда алматылық тұрғын Tengrinews.kz редакциясына Желіде құрамында сибутрамин бар биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) әлі де сатылатынын айтты. Tengrinews.kz тілшісі бұл препарат несімен қауіпті екенін анықтады.

Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews.kz редакциясына алматылық тұрғын хабарласып, Желіде арықтауға арналған қауіпті тағам қоспалары сатылып жатқанын айтты. Оның айтуынша, ББҚ-лар құрамында сибутрамин бар, оны сатуға Ресейде де тыйым салынған.  

"Instagram-топтарда арықтауға арналған препараттар жарнамасы көп. Бірақ оның құрамын көріп, ол жерде тыйым салынған препарат барын түсіндім. Сибутраминнің жанама әсері көбін көптеген қазақстандық білмейді", - дейді ол. 

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті өкілдері алматылық тұрғынның өтінішін қарады. Ведомство өкілдері клиникалық зерттеулерге сәйкес, "Сибутрамин" препаратын қолдану инсульт немесе инфаркт сияқты ауыр кардиоваскулярлық құбылыстар қаупінің жоғарылауымен байланысты екенін айтты.

"Одан бөлек, Еуропалық медициналық агенттік "сибутраминді" қолданған кезде арықтау қалыпты және препаратты қолдануды тоқтатқаннан кейін нәтижелерді сақтау мүмкін емес екенін хабарлады.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасында 2011 жылы сибутрамин препаратының тіркеу құжаты қайтарылған болатын", - деді ведомство өкілдері. 

Құжаттары қайтарылған препараттар ішінде: "Линдакса"(сибутрамин), "Адеран" (сибутрамин), "Меридиа"(сибутрамин) да бар. 

"Бүгінде Қазақстандақұрамында сибутрамин бар семіздікті емдеуге арналған дәрілік заттар мен препараттарды белсенді зат ретінде қолдануға тыйым салынған, себебі бұл препараттар қаупі оларды қолдану пайдасынан да жоғары", - делінген ведомство жауабында.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети