01 сәуір 2015 | 11:30

Қазақстанда ауыл емханаларының электрондық құжат айналымына қай кезде көшетіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Қазақстанда ауылдық емханалардың электронды жүйеге қай кезде көшетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда ауылдық емханалардың электронды жүйеге қай кезде көшетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ауылдық амбулаториялық-емханалық ұйымдар бастапқы есеп нысандарын электрондық түрде жүргізуге 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап көшеді. 

"Электрондық құжат айналымына өту үрдісі қосымша қаржыны қажет етпейді, бірақ медициналық ұйымдарды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету үшін қаражат керек. Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы медициналық ұйымдардың техникалық қамтамасыз етілуі, сол органдардың есебінен жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгіннен, яғни 2015 жылдың 1 сәуірінен бастап мемлекеттік медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарында 4 құжат бойынша қағаз жүзінде есеп жүргізу жойылды. Олар: "Дәрігерлерді үйге шақыртуды жазу кітабы" 031/е нысаны, "Емханада (амбулаторияда), диспансерде, консультацияда және үйде науқастарды қарауды есепке алу ведомосы" 039/е нысаны, "Медициналық ұйымдарға тіркеу талоны" 057/е нысаны және "Амбулаториялық науқастарды тіркеу журналы" 278/е нысаны.

"Енді бұл құжаттарды қағаз жүзінде қолмен толтыру қажет емес. Компьютерлерлік техникамен жабдықталуы ескеріліп, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қалалық амбулаториялық-емханалық ұйымдарда бастапқы есеп нысандарын толығымен электрондық құжат айналымына көшіру жоспарланып отыр", - делінген министрліктің баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетейік, 17 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде министр Тамара Дүйсенова министрлік мамандарының денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек салаларында ұсынылатын қызметтер сапасын арттыруға күш салатынын мәлімдеген болатын. Министр электрондық құжат айналымына көшудің есептік құжаттаманы жүргізуде медицина қызметкерлерінің жүктемесін азайтуға және оларға пациентерді қабылдап, қарау үшін көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік беретінін айтты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети