Қазақстанда өкпе қабынуының алдын алатын ересектерге арналған вакцина енгізу жоспарлануда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Астанада өткен "Респираторлы медицинадағы инновациялық технологиялар" атты ғылыми-тәжірибелік конферецияда дәрігерлер тыныс алу жолдарындағы инфекциялардың алдын алу туралы сөз етті.
Қазақстанда өкпе қабынуының алдын алатын ересектерге арналған вакцина енгізу жоспарлануда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Астанада өткен "Респираторлы медицинадағы инновациялық технологиялар" атты ғылыми-тәжірибелік конферецияда дәрігерлер тыныс алу жолдарындағы инфекциялардың алдын алу туралы сөз етті.
"Қазақстанда ең көп таралған аурудың түрі – тыныс алу жолдарының қабынуы. Осы аурудың алдын алу туралы мәселе көтеруіміз өте орынды. Бүгінде әлемнің 25 өркениетті елі ересектерге вакцина салуды қолдап отыр. Өйткені өкпенің қабынуына әкелетін инфекциялар өте қауіпті. Сондықтан осы инфекцияға қарсы вакцина енгізуге қатысты арнайы симпозиум ұйымдастырылды", - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас пульмонологі Ирина Козлова конференция аясында өткен брифингте.
Козлованың айтуынша, вакциналау мемлекет экономикасы үшін де пайдалы. Осы вакцинаны ересектерге салу арқылы тамақ-өкпе аурулары асқынуының алдын алуға болады. Сондай-ақ мұндай вакцина ересектер арасында осы ауруға бейім адамдарға салынады. Айталық, қант диабетімен, бауыр циррозымен ауыратын, қан айналымы нашар адамдар және жасы 65-тен асқан адамдарға вакцина салынуы мүмкін.
"Мұндай профилактика ең бастысы, антибиотиктерді ретсіз пайдалануды азайтады. Қазіргі таңда кез келген адам сәл ыстығы көтеріліп, ауырып қалса дәріханаға барып кез келген антибиотикті сатып алып іше береді. Өйткені дәріханаларға ешқандай бақылау жоқ. Көптеген антибиотиктер тыныс жолдарының қабынуы кезінде кері әсер етуі мүмкін", - дейді бас пульмонолог.
Козлованың айтуынша, конференция аясында вакцинаны дұрыс салуға байланысты республикалық нұсқаулықтар таратылады, сондай-ақ вакциналануға тиіс топтар анықталады. Ересектерге осы уақытқа дейін балаларға салынып келген екпе салынады. Бұл Америкадан шығатын препарат Еуропаның барлық елдерінде қолданылады. Ресейде ересектерге 2012 жылдан бері вакцина салына бастады. Онда адамдар вакцинаны өздері дәріханалардан сатып алады, бағасы шамамен 2 мың рубль.
"Біз әзірге вакцинаның тегін салынатынын немесе әркім өзі сатып алатынын нақты айта алмаймыз. Өйткені мемлекет үшін жауап беру өте қиын. Бірақ меніңше, қазақстандықтар үшін вакцина аса қымбатқа түседі деп айта алмаймын" - дейді ол.
Жиын барысында дәрігерлер қазақстандықтарды емделу мәдениетіне шақырды. Өздігінен емделмей, дәріханаға тек дәрігердің нұсқауымен баруға кеңес берді.