Қазақстанда мемлекет бақылауындағы дәрі-дәрмек тізімі кеңейтіледі

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Ішкі істер министрлігі есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімін кеңейтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрлігі есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімін кеңейтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мемлекет бақылауына дәрілер мен прекурсорлардың тағы 27 түрін енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын әзірлеген. Атап айтқанда, тағы 14 есірткі және 13 прекурсор есірткілік препараттар тізіміне енгізіледі.

"Бұл тізімдерде айналымын мемлекет бақылайтын мыңнан аса заттар бар. Дәріханаға тәуелді нашақорлықпен күресу мақсатында психотроптық заттардың тізімін трамадол - психотроптық анальгетик толықтырады, оны нашақорлар эйфория әсерін алу үшін пайдаланады және жалпы есірткіге тәуелділіктің қалыптасуына ықпал етеді", - деді ІІМ брифингінде ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Оның айтуынша, Үкімет қаулысы күшіне енгеннен кейін трамадол тек рецепт бойынша және есірткі құралдары мен психотроптық заттардың айналымына лицензиясы бар дәріханалар мен емдеу-алдын алу ұйымдарына ғана беріледі.

"Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын трамадолдың біліктілік өлшемдері 0,1 грамға дейін - шағын өлшем, 10 грамға дейін - үлкен өлшем, 10 грамнан аса үлкен өлшем болып анықталды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.21  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro