Сурет "31 канал" телеарнасынан алынған
"Ақтау қаласында қазақстандық мамандар ойлап тапқан адамның психоэмоционалдық көңіл күйін, суицидке бейімділігін анықтайтын қондырғының тұсаукесері болып өтті" деп хабарлайды Tengrinews.kz "31 канал" телеарнасына сілтеме жасап. "Аталмыш қондырғы жалғандық детекторы принципі бойынша жұмыс істейді. Ол адамның сол сәттегі қауіпті психологиялық көңіл-күйін 90 пайыздық дәлдікпен болжай алады"-дейді жобалаушы мамандар. Қазірге жаңа қондырғы екі данамен шығарылған. Бір қондырғының құны - 1,3 млн теңге. "Қандай болғанда да, жеткіншектің көңіл-күйінің бұзылғанын аңғаруға болады. Себебі, күйзеліс халге түскенде адамда әсерленушілік пайда болады. Сол кезде тестілеу арқылы жеткіншектің бойындағы суицитке бейімдікті анықтауға жаңа қондырғы мүмкіндік береді. Егер аппарат адам бойында қандай да бір ауытқушылықты анықтаса, сол сәтте нәтижесін шығарады"- дейді "Жастар денсаулығы" орталығының менеджері Әсел Сәкенова. Дәрігерлердің пайымдауынша, жастардың суицидке баруының басты себептерінің бірі-бос уақыттың көп болуы. Ақтау қаласындағы жалғыз дәрігер-суицидолог Жанат Ақкенжиева ата-аналарды балаларына әр кез қарайлап жүруге шақырады. Әсіресе, жасөспірім балаларға аса көңіл бөлген жөн. "Ол барлық уақытта өз бөлмесінде, қараңғыда отырғанды ұнатады. Қымбат бағалы заттарын, ұялы телефондарын достарына сыйға береді. "Бұл жалғанда менің ешкімге қажетім жоқ" деген сөздер айтады. Бұл-психологиялық ауытқудың белгілері" - дейді Жанат Ақкенжиева. Маңғыстау облысының жастары жаңа қондырғы арқылы тестілеуден өтуді бастап та кетті. Ал, Ақтау қаласының мектеп оқушылары ақпан айында тестілеуден тегін өте алады.
"Ақтау қаласында қазақстандық мамандар ойлап тапқан адамның психоэмоционалдық көңіл күйін, суицидке бейімділігін анықтайтын қондырғының тұсаукесері болып өтті" деп хабарлайды Tengrinews.kz "31 канал" телеарнасына сілтеме жасап.
"Аталмыш қондырғы жалғандық детекторы принципі бойынша жұмыс істейді. Ол адамның сол сәттегі қауіпті психологиялық көңіл-күйін 90 пайыздық дәлдікпен болжай алады"-дейді жобалаушы мамандар. Қазірге жаңа қондырғы екі данамен шығарылған. Бір қондырғының құны - 1,3 млн теңге.
"Қандай болғанда да, жеткіншектің көңіл-күйінің бұзылғанын аңғаруға болады. Себебі, күйзеліс халге түскенде адамда әсерленушілік пайда болады. Сол кезде тестілеу арқылы жеткіншектің бойындағы суицитке бейімдікті анықтауға жаңа қондырғы мүмкіндік береді. Егер аппарат адам бойында қандай да бір ауытқушылықты анықтаса, сол сәтте нәтижесін шығарады"- дейді "Жастар денсаулығы" орталығының менеджері Әсел Сәкенова.
Дәрігерлердің пайымдауынша, жастардың суицидке баруының басты себептерінің бірі-бос уақыттың көп болуы.
Ақтау қаласындағы жалғыз дәрігер-суицидолог Жанат Ақкенжиева ата-аналарды балаларына әр кез қарайлап жүруге шақырады. Әсіресе, жасөспірім балаларға аса көңіл бөлген жөн. "Ол барлық уақытта өз бөлмесінде, қараңғыда отырғанды ұнатады. Қымбат бағалы заттарын, ұялы телефондарын достарына сыйға береді. "Бұл жалғанда менің ешкімге қажетім жоқ" деген сөздер айтады. Бұл-психологиялық ауытқудың белгілері" - дейді Жанат Ақкенжиева.
Маңғыстау облысының жастары жаңа қондырғы арқылы тестілеуден өтуді бастап та кетті. Ал, Ақтау қаласының мектеп оқушылары ақпан айында тестілеуден тегін өте алады.