17 наурыз 2015 10:53

Қазақстандағы перзентханалардың рейтингі жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©novate.ru ©novate.ru

Қазақстандағы ең үздік перзентханалар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Перинаталдық орталықтар мен перзентханалардың рейтингі 2014 жылдың қорытындысы бойынша жасалды. 


Қазақстандағы ең үздік перзентханалар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Перинаталдық орталықтар мен перзентханалардың рейтингі 2014 жылдың қорытындысы бойынша жасалды. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстық перзентханалар мен перинаталдық орталықтар арасында бірінші орынды Жамбыл облысындағы қалалық перинаталдық орталық, ал екінші орынды Астана қалалық №1 перинаталдық орталығы иеленді. Ал тізімнің ең соңында Оңтүстік Қазақстан облыстық №1 перинаталдық орталығы тұр.

"Қалалық перзентханалар мен перинаталдық орталықтар арасында ең үздіктер оңтүстік астанада екені анықталды. Бірінші орында - Алматы қалалық №5 перзентхана, екінші орында - Алматы қалалық №1 перзентхана, үшінші орында - Алматы қалалық №4 перзентхана тұр. Бұл рейтингтің ең соңғы орнында Жаңаөзен қалалық перзентханасы тұр", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, мамандар барлығы 40 перзентхана мен перинаталдық орталыққа 15 түрлі белгі бойынша баға берді, олардың ең негізгілері: ана мен бала өлімінің және босану кезінде жарақаттардың болмауы, тағы да басқа. Рейтингтің толық нұсақсын Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының сайтынан көруге болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстандағы ең үздік ауруханалардың анықталғаны хабарланған болатын. Сарапшылар еліміздегі барлығы 94 көпбейінді стационарға баға берген, оның 15-і - облыстық, 49-ы - қалалық, 15-і - өңірлердегі мамандандырылған балалар ауруханасы және тағы 15-і - қалалардағы балалар стационары. Ересектерге арналған қалалық көпбейінді стационарлар рейтингінде алғашқы орынды Астанадағы №1 қалалық аурухана иеленді, екінші орында - Қостанай қалалық ауруханасы, үшінші орында - Рудный қалалық ауруханасы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети