Қазақстандық дәрігерлер науқастардың мұрны мен өзге де дене бөліктерін ауыстыру үшін оларды 3D-принтерде басып шығармақшы. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне сол технологияны игеруші фирманың басшысы Людмила Антонова хабарлады. Айта кетейік, 3D-принтерлер өнімнің көптеген түрін жасауға жол ашады.

Антонованың айтуынша, оның компаниясы осы технологияны республикаға жеткізуді жоспарлап отыр. "Пациенттің мұрыны жасушалы материалдың көмегімен басып шығарылады. Саусақ бөлігінен материал немесе тізе буынынан шеміршек алынады", - дейді ол. Маманның сөзіне қарағанда, оның фирмасы 3D-принтерлерді стоматологиялық материалдарды басып шығару үшін қолданады, олардың арасында каппалар, имплант қалыптары мен протез жасау үшін қолданылатын тістер бар. Алдағы уақытта протездер мен импланттардың өзін басып шығаратын технологияны игеру жоспарланып отыр. Оның айтуынша, мұндай тәсіл шығын мен пациенттердің күтуге кететін уақытын үнемдейді.
Бұған дейін "Технологияларды коммерциялау орталығының" бас директоры Дамир Егізбаев 3D-принтерлердің Қазақстандағы тіс дәрігерлері арасында үлкен сұранысқа ие болып отырғанын хабарлаған еді. Сонымен қатар, бұл технологияларды сәулетшілер мен оқу орындары пайдаланып жүр. Сондай-ақ, Егізбаев "Технологияларды коммерциялау орталығының" 3D-принтерлерді Қазақстанда өндіруші компанияларға қолдау көрсеткенін хабарлады.