Қазақстандық ғалымдар маусымдық тұмауға қарсы вакцина ойлап тапты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© ukam-gazeta.ru © ukam-gazeta.ru

Қазақстандық ғалымдар маусымдық тұмауға қарсы вакцина ойлап тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық ғалымдар маусымдық тұмауға қарсы вакцина ойлап тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда шығарылған алғашқы вакцинаны Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ҒЗИ бас директорының орынбасары Берік Харуллин ойлап тапты.

"Үш валентті сплит-вакцинаны клиникалыық зерттеудің бірінші фазасы аяқталды. Бүгінде Қазақстан жыл сайын препаратты шетелден сатып алуға мәжбүр, бірақ жаңадан жасалған отандық аналог шетелдік препараттардан еш кем емес. Жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша сыналған вакцина зиянсыз және иммуногенді болып табылады және ҚР мемлекеттік фармакопия талаптары мен еуропалық критерийлерге сәйкес келеді", - делінген хабарламада.

Жоба 2016 жылы аяқталған екен, бірақ вакциналарды жасау үшін жеке зауыт қажет болған. "Отандық препарат бағасы мен сапасы жағынан шетелдік аналогтардан кем болмайды. Қазіргі кезде Қазақстанда маусымдық тұмауға қарсы вакциналар сатылмайды. GMP халықаралық стандартына сай келетін зауыттың құрылысына жұмсалатын шығын 3-4 жылда ақталады деп күтілуде",  - дейді Берік Хайруллин.

Жоба аясында вакцинаны клиникалық зерттеудің бірінші фазасына еріктілерді жинау критерийлері бойынша волонтерлар скринингтен өткізілді, сонымен қатар, клиникалық зерттеулердің екінші фазасына вакцинаның тәжірибелік-өнеркәсіптік сериясы әзірленді.

Айта кетейік, 2011 жылы ҒЗИ Швейцарияда маусымдық тұмауға қарсы вакцинаны жасау бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тендерін жеңіп алған болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro